jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы әлемдегі үздік командалар рейтингінде 39 сатыға төмендеді

    Астана футбол клубы
    Астана футбол клубы. Фото: fcastana.kz

    Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 700 клубының рейтингін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Топ-700 футбол клубының көшін англиялық "Манчестер Сити" командасы бастап тұр. Ал екінші орынға Испанияның "Реал Мадрид" клубы тұрақтаса, үшінші орынға италиялық "Милан" ұжымы жайғасқан.

    Аталған тізімде "Астана" футбол клубы 56,75 ұпаймен 417-орынға төмендеді. Осыған дейін елордалық команда бұл рейтингте 378-орында тұрған еді.

    Рейтингке енген Орталық Азия мемлекеттерінің футбол клубтары:

    • 73. "Қарабақ" (Әзербайжан);
    • 204. "Насаф" (Өзбекстан);
    • 209. "Навбахор" (Өзбекстан);
    • 377. "Пахтакор" (Өзбекстан);
    • 383. "Әбдіш ата" (Қырғызстан);
    • 417. “Астана” (Қазақстан);
    • 436. "Cабах" (Әзербайжан);
    • 469. "Нефтчи Баку" (Әзербайжан);
    • 519. "AGMK" (Өзбекстан);
    • 746. "Алтын Асыр" (Түрікменстан).

    Осыған дейін IFFHS ұйымы өткен жылдың топ-100 футбол лигасының тізімін жасаған еді. Бұл тізімде Қазақстан Премьер лигасы 82-cатыға жоғарылады. Италияның "А Серия" чемпионаты көш басында тұрса, екінші орынға Англия Премьер лигасы жайғасқан. Ал Испания чемпионаты үздік үштікті түйіндеп тұр.

    "Астана" футбол клубы әлемдегі үздік командалар рейтингінде 39 сатыға төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.