Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кететінін мәлімдеді": Франция құрамасының ойыншысы қай клубқа ауысады

Опубликовано:

Футболшы Килиан Мбаппе
Футболшы Килиан Мбаппе. Фото: Christian Liewig - Corbis/Getty Images

"Пари Сен-Жермен" футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе осы жазда командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футбол инсайдері Фабрицио Романоның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі спорт журналисі және инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, Мбаппе франциялық клубтың басшылығына өзінің жазда кететінін хабарлады. Себебі футболшының ПСЖ-мен келісімшарты дәл осы уақытта аяқталады. Демек Килиан басқа командаға еркін агент ретінде ауысуы мүмкін.

"Мбаппе мен "Реал Мадрид" футбол клубының президенті Флорентино Перес арасындағы қарым-қатынас жақсы. Себебі Килиан 2022 жылы Переске қоңырау шалып, мадридтік командаға ауыспайтынын өзі мәлімдеген еді.

Килиан "Реал Мадридтің" басшысын сыйлайды. Ал Перес ойыншының 2 жыл бұрын ПСЖ-да қалғанына таңғалса да, Мбаппенің қоңырау шалып, жеке ескерткеніне риза болды. Дәл осы жағдай биыл шешуші рөл атқаруы мүмкін...", – деді Фабрицио.

Мбаппенің ПСЖ-дан жазда кететіні жайлы ақпарат шыға сала, "Реал Мадридтің" ойыншысы Чуамени Х желісіндегі ресми парақшасында реакция қалдырды.

Чуаменидің Twitter-дегі жазбасы
Чуаменидің Twitter-дегі жазбасы. Скриншот: twitter.com/atchouameni

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2061319-kilian-mbappe-psz-dan-ketetinin-malimdedi-franciya-quramasynyn-oiynsysy-qai-klubqa-auysady/

pixel