jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Бавария" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетеді

    Томас Тухель
    Томас Тухель. Фото: instagram.com/fcbayern

    Германиялық "Бавария" футбол клубының бас бапкері Томас Тухель маусымның соңында қызметінен кетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бавария" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Томас Тухель "Бавариямен" 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарт жасасқан еді. Бірақ қос тарап келісімшартты уақытынын бұрын үзуді ұйғарған.

    "Біз келісімді осы маусымның соңында аяқтаймыз деп шештік. Әрине, мен оған дейін жаттықтырушылар штабымен бірге жұмыс істеп, жетістікке жету үшін қолымнан келгенді жасай беремін", – деді бапкер.

    50 жастағы маман германиялық клубқа 2023 жылдың наурызында келген еді. Оның жетекшілігімен команда 2022/23 жылғы Бундеслиганы жеңіп алды. Қазір "Бавария" Бундеслиганың турнир кестесінде 22 матчтан кейін 50 ұпай жинап, 2-орында тұр. Бірінші орынға 58 ұпаймен "Байер" командасы жайғасқан.

    Енді "Бавария" командасы Бундеслигадағы кезекті ойынын "РБ Лейпциг" ұжымына қарсы өткізеді. Ойын 24 ақпанда Мюнхенде болады.

    Ресми: "Бавария" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.