jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" футбол клубы жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды

    "Елімай" және "Ақтөбе" футбол клубтары
    "Елімай" және "Ақтөбе" футбол клубтары арасындағы ойын. Фото: instagram.com/pflkaz

    Түркияның Белек қаласында өтіп жатқан футболдан Қазақстан клубтары арасындағы "Winter Cup" турнирінің қола жүлдегері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Елімай" және "Ақтөбе" футбол клубтары "Winter Cup" турнирінің үшінші орнына таласты. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти сериясында "Ақтөбе" командасы басым түсіп, жеңіске жетті (3:2).

    Енді бүгін, 21 ақпанда "Ордабасы" мен "Тобыл" командалары финалда кездеседі. Жеңген клуб 60 млн теңгеге ие болса, екінші орын алған команда 40 млн теңгеге қол жеткізеді. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталып, Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

    Айта кетейік, маусым алдындағы "Winter Cup" турнирі Қазақстан футболының тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибянның айтуынша, маусым басталмай тұрып, осындай турнирлерді өткізу Еуропаның жетекші лигаларында қалыпты үрдіске айналған.

    "Ақтөбе" футбол клубы жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.