Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғаш рет шетелде өткен футболдан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды

Жарияланған күні:

"Тобыл" мен "Ордабасы" арасындағы ойын
"Тобыл" мен "Ордабасы" арасындағы ойын. Фото: instagram.com/pflkaz

17-рет өткен футболдан Қазақстан Суперкубогының финалында шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" командалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Суперкубок үшін талас Антальядағы (Түркия) "Титаник Мардан" cтадионында болды. Ойынның алғашқы таймы аяқталарда "Ордабасы" футболшысы Евгений Макаренко есеп ашты. Кейін екінші таймда "Тобыл" сапынан Иван Миладинович есепті теңестірді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын пенальтиге ұласты. Пенальти сериясында "Тобыл" клубы басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Осылайша "Тобыл" ұжымы үшінші рет Қазақстан Суперкубогын иеленді. Қостанайлық команда 2021 және 2022 жылдары да бұл кубокты жеңіп алған еді.

Финалда басым түскен "Тобыл" командасына 25 миллион теңге ақшалай сыйақы беріледі. Ал екінші орын алған "Ордабасы" клубы 15 миллион теңге еншілейді.

Еске салайық, футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде өтетінін жазғанбыз. Суперкубокты өзге елде өткізу Еуропаның үздік футбол лигаларында бұрыннан бар тәжірибе екені айтылған болатын.

Бұған дейін "Ордабасы" мен "Тобыл" Winter Cup турнирінің финалында кездескен еді. Бұл ойында шымкенттік команда пенальти сериясында басым түсіп, жеңімпаз атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062872-algas-ret-setelde-otken-futboldan-qazaqstan-superkubogynyn-zenimpazy-anyqtaldy/