Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Winter Cup: "Ордабасы" футбол клубы 60 миллион теңге жеңіп алды

Опубликовано:

"Ордабасы" мен "Тобыл" арасындағы матч
"Ордабасы" мен "Тобыл" арасындағы матч. Фото: instagram.com/pflkaz

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы мен қостанайлық "Тобыл" командасы жаңа маусым алдында "Winter Cup" турнирінің финалында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу Түркияның Белек қаласында өтті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Ал пенальти сериясында "Ордабасы" командасы 7:6 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша шымкенттік клуб бірінші орын алып, 60 миллион теңгеге ие болды. Ал қостанайлық команда екінші орынға жайғасып, 40 миллион теңге еншіледі.

Енді "Ордабасы" мен "Тобыл" 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогына таласады. Ойын Анталиядағы (Түркия) "Титаник Мардан" стадионында өтеді.

Айта кетейік, жаңа маусым алдындағы "Winter Cup" турнирі Қазақстан футболының тарихында алғаш рет ұйымдастырылды. Жарысқа Премьер лиганың 4 клубы қатысты. Олар: "Ордабасы", "Тобыл", "Ақтөбе", және "Елімай". Турнир 4 матчтан тұрды: екі жартылай финал, 3-орын үшін ойын және финал.

Бірінші жартылай финалда "Ордабасы" клубы "Елімайды" 4:0 есебімен жеңсе, екінші жартылай финалда "Тобыл" командасы "Ақтөбені" 4:2 есебімен ұтты. Ал 3-орын үшін сайыста "Ақтөбе" ұжымы семейлік "Елімай" клубынан пенальти сериясында (3:2) басым түсіп, қола жүлде иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062273-futboldan-qazaqstan-klubtary-arasyndagy-qysqy-turnirdin-zenimpazy-anyqtaldy/

pixel