jitsu gif
Спорт

    Бүгін "Ертіс" футбол клубы төрт жылдық үзілістен кейін алғашқы ресми матчын өткізеді

    "Ертіс" пен "Тараз" арасындағы бақылау матчы
    "Ертіс" пен "Тараз" арасындағы матч. Фото: instagram.com/ertis_fk

    Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы төрт жылдық үзілістен кейін алғашқы ресми матчын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 11 наурызда футболдан Қазақстан кубогының матчтары басталады. Жеребе қорытындысы бойынша "Ертіс" футбол клубы "Хан Тәңірі", "Оқжетпес", "AKAS" командаларымен бірге А тобына түскен еді.

    Енді бүгін сағат 16:00-де павлодарлық ұжым алматылық "Хан Тәңірі" клубымен кездеседі. Ойын Шымкент қаласындағы "Биік" спорт кешенінде өтеді. Матчты "Q Football" және "Q Arena" телеарналарында немесе Qfl.kz сайтында тікелей эфирде тамашалауға болады.

    Еске салайық, "Ертіс" футбол клубы соңғы матчын 2020 жылы 14 наурызда Премьер-лиганың екінші туры аясында өткізген еді. Ол кезде павлодарлық команда Петропавлдың "Қызылжар" ұжымымен ойнап, тең тарқасқан болатын (1:1). Кейін "Ертіс" клубы қаржылық мәселелерге байланысты жабылып қалды. Бірақ жақында команданың легионерлер мен бапкерлер алдындағы берешегінің 70 пайыздан астамы қайтарылғаны хабарланды.

    Бүгін "Ертіс" футбол клубы төрт жылдық үзілістен кейін алғашқы ресми матчын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.