Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"687 миллион теңге қарыз қалды": "Ертіс" футбол клубы жасыл алаңға оралды

Опубликовано:

"Ертіс" футбол клубының ойыншылары
"Ертіс" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/ertis.fk

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы легионерлер мен бапкерлер алдындағы берешегінің 70 пайыздан астамын қайтарды. Сол себепті футболдан Қазақстан екінші лигасында өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ертіс телеарнасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, "Ертіс" футбол клубының жалпы қарызы — 2,5 млрд теңге болған.

"Оның ішінде легионерлерге және бапкерлерге қарызы бар. Біз жалпы 24 адаммен келісімшарт жасадық та клубтың қарызын 2,5 млрдтан 687 миллионға дейін түсірдік. Қазақстандық футболшылардың 90 пайызы дисконт жасады, яғни, қарыздарын төмендетті. Орташа алсақ 70-75 пайызға қарыздарды жеңілдеттік", — деді облыс әкімі.

Қалған қарыздарды өтеу үшін нақты кесте жасалған. Асайын Байхановтың сөзінше, егер павлодарлық клуб бапкерлер мен легионерлер алдындағы берешегінен құтылса, УЕФА қауымдастығы жаңадан құрылған "Ертіске" бұрынғы титулдары мен марапаттарын қайтарады.

Қазір "Ертіс" клубы футболға оралып, екінші лиганың жаңа маусымына дайындықты бастады. Павлодардағы "Спорт сити" кешенінде команданың алғашқы жаттығуы өтті.

Айта кетейік, "Ертіс" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасын бес рет ұтқан. 2020 жылы команда қаржылық мәселелерге байланысты жабылып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057311-687-million-tenge-qaryz-qaldy-ertis-futbol-kluby-zasyl-alanga-qaita-oraldy/

pixel