Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атлетико Мадрид" Чемпиондар лигасының өткен жылғы финалисін жеңіп кетті

Опубликовано:

Мемфис Депай
Мемфис Депай. Фото: THOMAS COEX/AFP via Getty Images

Мадридтік "Атлетико" УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында миландық "Интерді" ұтып, ширек финалист атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Негізгі уақытта "Атлетико" жеңіске жетсе де, бірінші кездесудегі нәтижеге байланысты қосымша уақыт қосылды.

Алғашқы 90 минутта Антуан Гризманн (35-минут) мен Мемфис Депай (87-минут) "Интер" қақпасына гол соқты. Ал "Интердің" жалғыз голын қорғаушы Федерико Димарко соқты.

"Атлетико Мадрид" – "Интер" 2:1 (екі матчтың есебі 2:2), (пенальти бойынша 3:2).

Айта кетейік, өткен маусымда италиялық клуб турнирдің финалында Манчестер Ситимен" кездесіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2068098-atletiko-madrid-cempiondar-ligasynyn-otken-zylgy-finalistin-zenip-ketti/

pixel