jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "ПCЖ" мен "Барселона" ойнайды: Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды

    Чемпиондар лигасының кубогы
    Чемпиондар лигасының кубогы. Фото: Kristian Skeie - UEFA/UEFA via Getty Images

    Бүгін, 15 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасының ширек және жартылай финалының жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жеребе қорытындысы бойынша ширек финалда төмендегі жұптар ойнайды:

    • "Арсенал" (Англия) — "Бавария" (Германия);
    • "Атлетико" Мадрид (Испания) — "Боруссия" Дортмунд (Германия);
    • "Реал Мадрид" (Испания) — "Манчестер Сити" (Англия);
    • "ПСЖ" (Франция) — "Барселона" (Испания).

    Сондай-ақ жартылай финалдың жеребесі тартылды:

    • "Атлетико" Мадрид / "Боруссия" — "ПCЖ" / "Барселона";
    • "Арсенал" / "Бавария" — "Реал Мадрид" / "Манчестер Сити".

    Ширек финалдың матчтары 9 және 10 сәуірде, қарымта ойындар 16 және 17 сәуірде, жартылай финал 30 сәуір, 1 мамыр және 7-8 мамырда өтеді. Ал Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Лондондағы Уэмбли стадионында болады.

    "ПCЖ" мен "Барселона" ойнайды: Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребесі тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.