jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Грузия құрамасы тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алды

    Футболдан Грузия құрамасы
    Футболдан Грузия құрамасы. Фото: GIORGI ARJEVANIDZE/AFP via Getty Images

    Бүгін, 26 наурызда футболдан Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің финалдық матчында Грекияны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын Тбилисидегі "Динамо-Арена" стадионында өтті. Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Грузия командасы басым түсіп (4:2), тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды.

    Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Грузия құрамасы Түркия, Португалия, Чехиямен бірге F тобында ойнайды. Еуро-2024 турнирі 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

    Еске салайық, жартылай финалда Грузия командасы Люксембургті 2:0 есебімен жеңсе, Грекия құрамасы Қазақстанды 5:0 есебімен ұтқан еді.

    Грузия құрамасы тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.