Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батып жатқан кемеден ешқашан қашқан емеспін": Магомед Адиев Қазақстан құрамасынан кету туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Алексей Сисенбин / ҚФФ баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығы оны орнынан босату туралы шешім қабылдаса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Люксембургпен өткен жолдастық кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері қазақстандық футболды одан әрі дамыту туралы ойын айтты.

"Бізге кішкене демалып алу керек. Әр команданың белгілі бір жолы бар – біз өзіміздікін аяқтадық. Мақсатымызға жетпей қалғанымыз өкінішті. Мен Ұлттар лигасында жолдамаға қол жеткізу мүмкін болады деп ойладым, бірақ біз ойлағандай болмады. Біздің командаға жаңа тұлғалар, жаңа идеялар мен ойынға деген жаңа көзқарас керек. Оның барлығын ойлап, қайта сараптау қажет", – деді Адиев.

"Мен алда қандай жол күтіп тұрғанын білемін. Бұл шынымен қиын. Біздің күшіміз әлсірей бастағанын бәріміз көріп отырмыз. Мүмкін бізге белгілі бір уақыт аралығында жағдайды шайқайтын жаңа жаттықтырушы керек шығар.

Федерация маған сенім артса... Мен батып бара жатқан кемеден ешқашан қашып көрген емеспін. Екінші жағынан, менің мансабыма қарасаңыз, мен ешқашан орынымда жабыспағанмын және оны сақтап қалуға да ниетім жоқ екенін көресіз. Мен әр шешімді абыроймен қабылдаймын. Егер олар бірлесіп жұмыс істеуді ұсынса, біз командамызды қалай жақсартуды ойластырамыз. Кетуің керек десе, мәселе жоқ, мен бұрылып кетемін. Барлығы талқыланады. Менің ойымша, федерация пісіп-жетілгенде, шешімдерін өздері жариялайды", – деді бас бапкер.

Адиев Қазақстан құрамасының басшылығына 2022 жылдың сәуірінде келген болатын. Оның бастауымен ұлттық құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуде рекордтық жетістікке жетті, бірақ турнирге жолдама ала алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2073858-batyp-zatqan-kemeden-esqasan-qasqan-emespin-magomed-adiev-qazaqstan-quramasynan-ketu-turaly-pikirin-aitty/

pixel