Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалуы мүмкін

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Алексей Сисенбин / ҚФФ баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев шымкенттік "Ордабасы" командасын басқаруы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Серый Cardinal" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Meta Ratings порталы "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев отставкаға кетуі мүмкін екенін жазған еді.

"Бұл ешқандай да әзіл емес. Meta-Ratings порталы хабарлағандай, бапкер расымен де "Ордабасыдағы" қызметінен кетеді. Сондай-ақ, келіссөз жүргізуші және селекционер болып жұмыс істеген Данияр Шадыев та қызметінен айырылады.

Олардың орнына кім келеді? Біздің мәліметтеріміз бойынша бірнеше кандидат бар. Атап айтқанда Благоевич және, тіпті, Адиев (аз дәрежеде). Жалпы, Магомед Мұсаұлы мансабын жалғастыруына бірнеше нұсқа бар", – делінген "Серый Cardinal" Telegram-арнасының жазбасында.

Айта кетейік, кеше, 31 наурызда Қазақстан Премьер лигасының 3-туры аясында "Ордабасы" ұжымы өз алаңында "Қайраттан" 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазір шымкенттік команда турнир кестесінде 4 ұпаймен 5-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2076900-magomed-adiev-ordabasy-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaluy-mumkin/

pixel