Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі бас бапкері Магомед Адиев Грозныйдың "Ахмат" футбол клубының бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спорт-экспресс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, Адиев жақын арада Шешенстан астанасының намысын қорғайтын команданың бас бапкері Мирослав Ромащенконың орнына келуі мүмкін.
Ромащенконың өзі бұған дейін Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Станислав Черчесовтың көмекшісі болған. Оның командадан кетуіне осы маусымдағы нәтижелері себеп. "Ахмат" РПЛ-да 21 матчта 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.
Айта кетейік, "Спорт-Экспресс" басылымы Адиевті "Қазақстан құрамасын соңына дейін басқарған маман" ретінде жазғанымен, бапкердің ұжымнан кетуі туралы ресми түрде хабарламады.
Еске салайық, осыған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев шымкенттік "Ордабасы" командасын басқаруы мүмкін екенін жаздық
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2077967-magomed-adiev-reseilik-klubtyn-bas-bapkeri-atanuy-mumkin/