Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев "Ахматқа" тағайындалады деген ақпаратқа қатысты пікірін айтты

Опубликовано:

Бапкер Магомед Адиев
Бапкер Магомед Адиев. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік "Ахмат" клубымен келісімшарт жасайтыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Магомед Адиев бәрі жақын арада белгілі болатынын айтты.

"Ресми түрде жарияланады. Қазір ешқандай ақпарат бере алмаймын. Өтініш, күтіңіздер. Бірнеше сағаттан кейін белгілі болады", – деді бапкер.

Еске салайық, Магомед Адиев "Ахмет" футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін екенін жазғанбыз. Кеше, 4 cәуірде "Ахмет" командасы Telegram-арнасында клубтың бас бапкері Мирослав Ромащенко қызметінен кеткенін хабарлады.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына 2022 жылы тағайындалған еді. Ресейлік маман "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс" секілді танымал футбол клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2079569-magomed-adiev-axmatqa-tagaiyndalady-degen-aqparatqa-qatysty-pikirin-aitty/

pixel