Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" өз алаңында "Манчестер Ситиді" жеңе алмады

Опубликовано:

Винисиус Жуниор мен Родриго
Винисиус Жуниор мен Родриго. Фото: Jose Manuel Alvarez/Quality Sport Images/Getty Images

Бүгін, 10 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчтары өтті. "Реал" өз алаңында "Манчестер Ситимен" тең түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойынында англиялық "Манчестер Сити" командасымен кездесті. "Сантьяго Бернабеудегі" ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.

Матчтың алғашқы голын "Манчестердің" ойыншысы Бернарду Сильва айып добынан соқты. Кейін 12 және 14-минутта мадридтік команда футболшылары екі гол соғып, есепте алға шыққан еді.

Ал ойынның 66-минутында Фил Фоден алыстан соққы бағыттап есепті теңестірсе, 71-минутта Гвардиол көзге түсті. Десе де ойынның соңғы нәтижелі іс-қимылын "Реалдың" жартылай қорғаушысы Вальверде жасады. Винисиустан пас қабылдаған уругвайлық допты тоқтатпай қақпаға бірден соққы бағыттап, есепті 3:3 жеткізді.

Айта кетейік, екі команда арасындағы қарымта кездесу 18 сәуірде Англияда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2081927-real-madrid-oz-alanynda-mancester-sitidi-zene-almady/

pixel