Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: "Атлетико" мен "Боруссия" матчында соғылған гол саны аз болады

Жарияланған күні:

Parimatch
Фото: Parimatch

Біз Parimatch сарапшыларымен Чемпиондар лигасының ширек финалындағы ойын нәтижесін болжап білуге келмейтін матчтың қалай аяқталатынын талқылайтын боламыз.

"Атлетико Мадрид"

"Матрастықтар "Ла Лиганың қазіргі маусымында ерекше тұрақсыздық көрсетуде: 8 жеңіліс, бар болғаны төртінші орын, оған қоса, Бильбаодан келген "Атлетик" жақын тұр, мадридтіктерді бесінші орынға жіберуі әбден мүмкін. Бірақ Чемпиондар лигасында "Атлетиконың" жағдайы өте жақсы. "Лацио", "Фейенорд" және "Селтик" тобынан еркін озып шықты, ⅛ ширекте "Интерді" жеңді. Бәлкім ұмытып қалсаңыздар, естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыласудың сөзсіз фавориті "Интер" болған еді. Ұзақ уақыт бойы жарақат алған Витолоны есептемегенде, Диего Симеоне командасы осы ойынға дейін бір үлкен шығынға ұшырады — Мемфис Депай.

"Атлетиконың" соңғы 5 матчы (3-0-2, 6-8)

  • Ла Лига. "Вильярреал" - "Атлетико" 1:2
  • Ла Лига. "Атлетико" - "Барселона" 0:3
  • ЧЛ. "Атлетико" - "Интер" 2:1
  • Ла Лига. "Кадис" - "Атлетико" 2:0
  • Ла Лига. "Атлетико" - "Бетис" 2:1

"Боруссия Дортмунд"

Дортмундтықтардың жағдайы ұқсас болып отыр. Өте сирек жағдай, Бундеслигада "Бавария" сәтсіздікке тап болды, бірақ чемпион атағын "Байер" алып отыр, ал қара-сарылар ЧЛ аймағы үшін күреске қанағаттануда. Бірақ Чемпиондар Лигасында Дортмунд – нағыз жыртқыш аң. "ПСЖ", "Милан" және "Ньюкасл" бар өлім тобынан Эдин Терзичтің командасы өте оңай шықты, ал ⅛ ширегінде қиындықтарға тап болды, алайда ПСВ-ны жеңіп тынды. "Атлетикомен" ойында жарақат алған Донелла Маленаның жоқтығы қатты білінетін болады.

"Боруссия Д"-ның соңғы 5 матчы

  • Бундеслига. "Боруссия Д" - "Штутгарт" 0:1
  • Бундеслига. "Бавария" - "Боруссия Д" 0:2
  • Бундеслига. "Боруссия Д" - "Айнтрахт Ф" 3:1
  • ЧЛ. "Боруссия Д" - ПСВ 2:0
  • Бундеслига. "Вердер" - "Боруссия Д" 1:2

Жеке кездесулері

Соңғы рет командалар 2018/19 маусымының Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде кездесіп, өз ойын алаңдарындағы жеңістерімен алмасқан еді.

Болжам

"Атлетико" жабық футбол әдісін ойнап, "Боруссияға" мүмкіндік бермеуі әбден мүмкін. Сондықтан, Parimatch тоталы 2,5 аз нұсқасына 1,87 коэффициентін ұсынған.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2082389-sarapsylar-atletiko-men-borussiya-matcynda-sogylgan-gol-sany-az-bolady/