Чемпиондар лигасында италиялықтар жоқ, бірақ Аппенинмен бір команда Чемпиондар лигасының жартылай финалында болады – "Милан" немесе "Рома". Қызуқанды италиялықтардың шайқасы немен аяқталады, оны Parimatch сарапшыларынан сұрап білейік.
"Милан"
"Милан" – бұл тұрақтылық белгісі. Үш жыл бұрынғы чемпиондық маусымындағыдай, команданы Стефано Пиоли жаттықтырады. Өткен маусымдағыдай," Милан" керемет матчтарды сәтсіздіктермен алмастырады, ал команданың негізгі қозғалтқыш күші Рафа Леау бірде оттай лаулап жарқыраса, бірде алаңдағы ойыншылар ішінде қалып кетеді. Қартаймайтын Оливье Джиру да қатарда. "Қызыл-қаралар" қазір А сериясының екінші орнында тұр, Еуропа Лигасында жеңіске жету үшін күрескісі келетіні анық, оған қоса олар өте жақсы дайындықта екендіктерін көрсетуде. "Ромамен" қарсыласуды ойыннан шеттетілген Фикайо Томори мен жарақат алған Антонио Мирантесіз өткізуге тура келеді.
"Миланның" кейінгі 5 матчы (5-0-0, 12-3)
- А сериясы. "Милан" – "Лечче" 3:0
- А сериясы. "Фиорентина" – "Милан" 1:2
- А сериясы. "Верона" – "Милан" 1:3
- ЕЛ. "Славия" – "Милан" 1:3
- А сериясы. "Милан" – "Эмполи" 1:0
“Рома”
Римдіктер жаттықтырушы ауысқаннан кейін жаңадан өмірге келгендей болды. "Рома" Жозе Моуриньодан құтылды, ал клуб аңызы Даниэле Де Росси команданы жігерлендіре алғаны анық. Ол римдіктерге өзін-өзіне деген сенімін оятып, дербиде "Лационы" жеңуге септігін тигізді. Еуропа лигасы олар үшін "Миланға" қарағанда маңыздырақ: егер миландықтар онсыз да А сериясындағы Чемпиондар лигасының аймағында жүрсе, "Рома" әзірге "Болоньяны" қуып жетуге тырысып-бағып жүр. "Миланмен" Сердар Азмун, Расмус Кристенсен, Эван Н ' Дика және Дин Хейзен ойнай алмайды.
"Романың" кейінгі 5 матчы (2-2-1, 4-3)
- А сериясы. "Рома" – "Лацио" 1:0
- А сериясы. "Лечче" – "Рома" 0:0
- А сериясы. "Рома" – "Сассуоло" 1:0
- ЕЛ. "Брайтон" – "Рома" 1:0
- А сериясы. "Фиорентина" – "Рома" 2:2
Жеке кездесулері
Осы маусымда командалар А сериясында бір-бірімен екі рет ойнаған, екі матчта да "Милан" жеңіске жеткен.
Болжам
"Миланның" негізгі уақыттағы жеңісі 1.82 коэффициентімен бағаланған.
*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2083277-milan-romany-qatarynan-usinsi-matcta-zenetinine-senimdimiz-parimatch-sarapsylary/