Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қымбат шабуылшылардың рейтингіне енді

Опубликовано:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов посткеңестік елдер арасында ең қымбат шабуылшылардың тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Transfermarkt порталының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тізімде италиялық "Наполи" мен Грузия құрамасының шабуылшысы Хвича Кварацхелия (80 миллион еуро) көш бастап тұр. Екінші орынға англиялық "Челси" және Украина ұлттық құрамасының футболшысы Михаил Мудрик (35 миллион еуро) жайғасса, үздік үштікті мәскеулік "Динамо" және Ресей құрамасында ойнайтын Константин Тюкавин (12 миллион еуро) түйіндеген.

Ал Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Максим Самородов 10-орында тұр. Оның трансферлік нарықтағы құны 900 мың еуроға бағаланған.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының және "Бешікташ" клубының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов посткеңестік елдер арасында ең қымбат футболшылар тізіміне енген еді. Оның трансферлік нарықтағы құны 6 миллион еуроға бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2084795-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-futbolsysy-qymbat-sabuylsylardyn-reitingine-endi/

pixel