jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Байер" футбол клубы алғаш рет Германия чемпионы атанып, әлемдік рекордты қайталады

    "Байер" футбол клубы
    "Байер" футбол клубы. Фото: Christof Koepsel/Getty Images

    Леверкузендік "Байер" футбол клубы тарихында алғаш рет Германия жоғары лигасының чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бундеслиганың 29-туры аясындағы матчта испаниялық маман Хаби Алонсоның шәкірттері өз алаңында "Вердер Бременді" 5:0 есебімен жеңіп, чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

    Ел чемпионатындағы алтын медальдарға қоса, "Байер" жеңіліссіз сериясын 43 матчқа дейін ұзартты. Осылайша италиялық "Ювентус" командасының 2012 жылғы жеңіліссіз кездесулер рекордын қайталады.

    Соңғы 11 жылда Бундеслиганың чемпионы "Бавария" футбол клубы атанып келген еді. Тек "Боруссия Дортмунд" ғана өткен жылы мюнхендік командаға бәсекелестік таныта алды. Екі команда бірдей ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштердің арқасында Томас Тухелдің шәкірттері бірінші орынға шыққан болатын.

    Айта кетейік, бұл "Байердің" тарихындағы үшінші жүлдесі, осыған дейін клуб 1988 жылы УЕФА кубогын және 1993 жылы Германия кубогын жеңіп алған.

    "Байер" футбол клубы алғаш рет Германия чемпионы атанып, әлемдік рекордты қайталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.