Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шапан жауып, құрметпен шығарып салайық": "Ордабасының" бапкері қызметінен кеткісі келетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Александр Седнев
Александр Седнев. Фото: fcordabasy.kz

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Александр Седнев клуб басшылығынан өзін қызметінен босатуды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ордабасы" клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Команданың бас бапкері Александр Седнев "Қызыл-Жармен" өткен ойыннан кейін клуб басшылығына клубтан кеткісі келетінін хабарлады. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, "Ордабасы" – "Қызыл-Жар" кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды. Шымкенттіктер бес кездесуде 8 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орында тұр.

Бұған дейін Минск "Динамосының" Седневке қызығушылық танытқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Осы тұста Седневтің Беларусь тумасы екенін айтамыз. Десе де бапкер 2023 жылы "Ордабасыны" клуб тарихындағы бірінші чемпиондыққа жеткізді.

"Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері Instagram желісінде жарияланған мәлімдемеге пікірін білдіріп жатыр. Шымкенттік клубтың қолдаушылары арасында бапкерге құрмет көрсетіп, шапан жабуды ұсынып отырғандар да бар.

"Клубқа қиын кезде келіп, соңына дейін болған бапкер. Шапан жауып, құрметпен шығарып салу керек", "Жақсылап шығарып салайық, лайықты түрде. Седнев мырзаның аты тарихта қалады", "Чемпиондық маусым үшін иығына шапан жауып, "рахмет" деп шығарып салайық. Артық әңгімесіз", – деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2090066-sapan-zauyp-qurmetpen-sygaryp-salaiyq-ordabasynyn-bapkeri-qyzmetinen-ketkisi-keletinin-aitty/

pixel