jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен келісімшарты туралы тосын мәлімдеме жасады

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: Liam McBurney / PA Images / Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және "Ахмат" футбол клубының қазіргі бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамамен келісімшартын ұзарту туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Match TV арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен "Ахматта" маусымның соңына дейін жұмыс істеймін, ал Қазақстан федерациясымен келісімшартым бар. Қазір ең бастысы, "Ахматты" Ресей Премьер лигасында сақтап қалу керек. Содан кейін шешім қабылдаймын. Негізі ұлттық құрамамен келісімшартты ұзарту туралы әңгіме болды. Бірақ қазір ештеңені ашып айта алмаймын", – деді Магомед Адиев.

    Еске салайық, маман Қазақстан құрамасына 2022 жылдың сәуір айында тағайындалды. Бапкердің жетекшілігімен Ұлттар лигасының келесі дивизионына көтерілдік. Сонымен қатар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 3-орынға ие болдық.

    Осы жылдың 5 сәуірінен бастап Магомед Адиев ұлттық құрама мен "Ахмат" клубының бас бапкері қызметтерін біріктірді.

    Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен келісімшарты туралы тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.