Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубының ойыншысы жазғы Олимпиадаға қатысады

Опубликовано:

Футболдан Өзбекстан құрамасы (U-23)
Футболдан Өзбекстан құрамасы (U-23). Фото: ufa.uz

Футболдан Өзбекстан құрамасы (U-23) тарихында алғаш рет Олимпиадаға жолдама алды. Құрама сапында алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Иброхимхалил Юлдошев те бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Өзбекстан құрамасы Индонезияны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін, Азия Кубогының финалына шығып, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына өтті.

"Қайрат" футболшысы Иброхимхалил Юлдошев матч соңында алаңға шықты. Ол бұған дейін құрамасына Малайзия (2:0), Кувейт (5:0), Вьетнам (3:0) мен Сауд Арабиясын (2:0) жеңуге көмектескен еді.

2024 жылғы Азия Кубогының финалы 3 мамырда 20:30-да өтеді. Өзбекстан құрамасы Жапония – Ирак жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті. 4 мамырда Қазақстан Премьер лигасы аясында "Атырауға" қарсы өтетін матчқа команданы бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2093495-qairat-futbol-klubynyng-oiynshysy-zhazgy-olimpiadaga-qatysady/

pixel