Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" және "Ақтөбе" футбол клубтары айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

"Ақсу" футбол клубының ойыншылары
"Ақсу" футбол клубының ойыншылары. Фото: qfl.kz

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы қорытындысы бойынша "Қайрат" және "Ақтөбе" футбол клубтарына айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 сәуірде "Қайрат" және "Ақтөбе" футбол клубтары Қазақстан Премьер лигасының 5-туры аясында матч өткізген еді. Бұл ойын 3:1 есебімен "Ақтөбенің" пайдасына шешілді.

"Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ҚФФ регламентінің 28-бабын бұзғаны үшін, атап айтқанда, билеттерді тексеріп, өткізу жүйесі қызметкерлерінің жеткіліксіз болғаны, бұл үлкен кептеліске алып келгені үшін, ҚФФ ДР №7 қосымшасының 5-тармағына сәйкес "Қайрат" ФК-ға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. "Қайрат" ФК 2024 жылдың 26 мамырына дейін айыппұл төлесін.

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ҚФФ регламентінің 36-бабын бұзғаны үшін, атап айтқанда, көрермендердің трибуналар секторлары арасында еркін өтуін қамтамасыз етпегені үшін ҚФФ ДР №7-қосымшасының 6-тармағына сәйкес "Қайрат" ФК-ға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. "Қайрат" ФК 2024 жылдың 26 мамырына дейін айыппұл төлесін.

Қарсылас команданың жанкүйерлеріне және матчтың ресми тұлғасына балағат сөздер айтқан, сондай-ақ бас төрешінің бетіне лазер жарқыратқан көрермендердің орынсыз мінез-құлқы үшін "Қайрат" ФК-ға ҚФФ ДР 64-бабының 1-тармағына сәйкес 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. "Қайрат" ФК 2024 жылдың 26 мамырына дейін айыппұл төлесін.

Қарсылас команданың жанкүйерлеріне дөрекі сөздер айтқан көрермендердің орынсыз мінез-құлқы үшін "Ақтөбе" ФК-ға ҚФФ ДР 64-бабының 1-тармағына сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. "Ақтөбе" ФК 2024 жылдың 26 мамырына дейін айыппұл төлесін", - делінген Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында.

Осылайша, "Қайрат" футбол клубы 1,66 миллион теңге (450 МРП), ал "Ақтөбе" 369 200 теңге (100 МРП) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, қазір "Қайрат" Қазақстан Премьер лигасының турнир кестесінде сегізінші, ал "Ақтөбе" бірінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2095154-qairat-zhane-aqtobe-futbol-klubtary-aiyppul-arqalady/