Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байер" футбол клубы 2002 жылдан бері алғаш рет Еуропа лигасының финалына шықты

Опубликовано:

"Байер" командасының футболшылары
"Байер" командасының футболшылары. Фото: Hesham Elsherif/Anadolu via Getty Images

Германиялық "Байер" футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалдық матчында италиялық "Рома" командасымен тең ойнап, финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу Леверкузенде (Германия) өтті және 2:2 есебімен аяқталды. "Рома" сапынан Леандро Паредес дубль жасап көзге түсті. Матч соңына қарай оның командаласы Джанлуки Манчини автогол салды. Ал қосымша уақытта Йосип Станишич есепті теңестірді.

Екі ойынға созылған текетірестің нәтижесінде "Байер" Еуропа лигасының финалына шықты (4:2). Айта кетейік, германиялық команда 49 матч бойы жеңіліссіз ойнап келеді.

Еуропа лигасының финалында "Байер" ұжымы "Аталантаға" қарсы ойнайды. Кездесу 22 мамырда Дублинде өтеді.

"Байер" соңғы рет 2002 жылы Еуропа лигасының финалына шыққан еді. Ол кезде команда ақтық сында "Реал Мадридтен" 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2098049-baier-futbol-kluby-2002-zhyldan-beri-algash-ret-europa-ligasynyng-finalyna-shyqty/