jitsu gif
Спорт

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы
    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram.com/mfc_atrium

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші мәрте 6x6 форматындағы Socca Eurocup-2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 12 мамырда Қазақстан және Хорватия құрамалары шағын футболдан Еуропа кубогының финалында кездесті. Бұл ойын 3:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Алғашқы таймда Абай Елемесов (2-минутта) және Бекруз Пишкар (15-минутта) гол салса, екіншті таймда Талғат Өтепбергенов (39-минутта) мергендік танытты.

    Осылайша, шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанып отыр. Өткен жылы қазақстандықтар финалда Румыния құрамасын буллит сериясында ұтып, жеңімпаз болған еді.

    Socca – шағын футболдың бір түрі. Бұл жерде ойыншылар саны мен алаңның көлемінде айырмашылық болады. Матч 6x6 ойыншы форматында, 20 минуттан екі тайм бойынша өтеді.

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.