Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубына жаңа басшы келді

Жарияланған күні:

Асхат Сейсембек
Асхат Сейсембек. Фото: sportqory.kz

Асхат Сейсембек шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ордабасының" Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Асхат Рашидұлы 3 маусымнан бастап "Ордабасы" футбол клубының президенті қызметіне кіріседі. Біз Асхат Рашидұлының бастамасын асыға күтеміз және оның басшылығымен клуб жаңа белестерді бағындыратынына сенім білдіреміз", - делінген хабарламада.

"Ордабасының" ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Асхат Рашидұлы Сейсембек 1984 жылы 22 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Ол 2002-2006 жылдар аралығында "Тобыл" (Қостанай), "Химик" (Степногорск) және "Ертіс-2" (Павлодар) футбол клубтарында жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетті.

Кәсіби қызметі:

  • 2006-2007 жылдары: Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде заңгер-кеңесші;
  • 2007-2008 жылдары: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының кеңесшісі;
  • 2008-2011 жылдары: "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ басқарушы директоры;
  • 2008-2012 жылдары: Халықаралық спорт федерациялары бас қауымдастығының (GAISF) Орталық Азия аймағы бойынша Президентінің кеңесшісі Хайн Вербругген;
  • 2011-2012 жылдары: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі;
  • 2012-2013 жылдары: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Спорттық инфрақұрылым департаментінің директоры;
  • 2012-2014 жылдары: "Unifight" әмбебап жекпе-жек Азия федерациясының президенті;
  • 2014-2015 жылдары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2017-2020 жылдары: "Алтай" атлетика клубының атқарушы және спорттық директоры;
  • 2018 жылдан бастап: Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы;
  • 2019 жылғы 15 шілдеден бастап: Азия жеңіл атлетика қауымдастығының жарыс комиссиясының мүшесі;
  • 2020 жылғы 22 шілде: "Туризм және спорт саласын қолдау қоры" корпоративтік қорының бас директоры.

Еске салайық, осыған дейін "Ордабасы" футбол клубының президенті болған Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2105373-ordabasy-futbol-klubyna-zhanga-basshy-keldi/