jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Барселона" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Ханс-Дитер Флик
    Ханс-Дитер Флик. Фото: ANP via Getty Images

    Испаниялық "Барселона" клубтың жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Барселона" футбол клубының жаңа бас бапкері – Ханс-Дитер Флик. 59 жастағы германиялық маман келесі маусымнан бастап каталониялық команданың тізгінін ұстайды.

    Флик 1985-1990 жылдары "Бавария" футбол клубында өнер көрсеткен. Ал бапкер ретіндегі мансабын 1996 жылы "Бамменталь" командасынан бастаған. Сонымен қатар "Хоффенхайм", "Зальцбург" және "Баварияда" еңбек етті.

    Айта кетейік, испанияық "Барселона" осы жылы Ла Лиганың күміс жүлде иегерлері атанды. Хави бастаған ұжым 38 ойында 85 ұпай жинап, "Реал Мадридтен" 10 ұпай артта қалған еді.

    Ресми: "Барселона" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.