Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футболшылары матч кезінде бір-бірімен төбелесіп, алаңнан қуылды (видео)

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футболшылары төбелесіп жатыр
"Ордабасы" футболшылары төбелесіп жатыр. Фото: youtube.com/@QFL_KZ

Шымкенттік "Ордабасы" жастар командасының ойыншылары Қазақстан екінші лигасының матчында бір-бірімен төбелесіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан екінші лигасының 8-турында "Ордабасы" жастар командасы "Оңтүстік" ұжымына қарсы ойнады. Матчтың 88-минутында "Ордабасының" қақпасына үшінші гол кіргеннен кейін команда ойыншылары өзара төбелесіп қалды. Нәтижесінде Тұрар Еркінбек, Рысдәулет Аманбай, Шерхан Асанбек алаңнан қуылды. Кейін шымкенттіктер тағы бір гол жіберіп алып, 4:0 есебімен жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, қазір "Ордабасы" жастар командасы екінші лиганың кестесінде 13 ұпаймен 6-орында келеді. Ал "Оңтүстік" ұжымы 14 ұпаймен 5-орында тұр.

Еске салайық, Асхат Сейсембек шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының президенті болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2109924-ordabasy-futbolshylary-match-kezinde-bir-birimen-tobelesip-3-qyzyl-qagaz-aldy-video/