jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Реал Мадрид" – "Боруссия" матчының тікелей трансляциясы

    Чемпиондар лигасының кубогы
    Чемпиондар лигасының кубогы. Фото: Damjan Zibert/Soccrates/Getty Images

    Бүгін, 1 маусымда испаниялық "Реал Мадрид" пен германиялық "Боруссия Дортмунд" командалары футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Финалдық ойын Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өтеді. Матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен сағат 23:50-де басталады.

    "Реал Мадрид" ұжымы жартылай финалда германиялық "Баварияны" ұтса, "Боруссия Дортмунд" франциялық "Пари Сен-Жермен" командасынан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алған еді.

    Мадридтік клуб осыған дейін Чемпиондар лигасының кубогын 14 рет, ал "Боруссия Дортмунд" тек бір рет жеңіп алған.

    Еске салайық, өткен жылы "Манчестер Сити" футбол клубы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған еді. Англиялық команда финалда италиялық "Интерден" 1:0 есебімен басым түскен болатын.

    "Реал Мадрид" – "Боруссия" матчының тікелей трансляциясы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.