jitsu gif
Спорт

    Ресей кубогында жеңіс голын соққан Нұралы Әліп марапаттау рәсімінде жарақат алды (видео)

    Нұралы Әліп және "Зенит" футбол клубының ойыншылары
    Нұралы Әліп және "Зенит" футбол клубының ойыншылары. Фото: t.me/fczenit

    Футболдан Қазақстан құрамасының және санкт-петербурктік "Зениттің" ойыншысы Нұралы Әліп Ресей кубогының суперфиналында жеңіс голын соқты. Сондай-ақ қазақстандық футболшы марапаттау рәсімінде басын жарақаттап алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 2 маусымда футболдан Ресей кубогының суперфиналында санкт-петербурктік "Зенит" калининградтық "Балтикамен" кездесті. Бұл ойында "Зенит" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    Алғашқы голды "Балтика" сапынан Алекс Фернандес салды. Кейін "Зениттің" қорғаушысы Нино есепті теңестірді. Ал екінші таймның қосымша уақытында Нұралы Әліп гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

    Жеңімпаздарға кубокты табыстау рәсімінде Нұралы Әліп жарақат алып қалды. Ол кубокты көтеріп жатқанда трофейдің қақпағы басына тиді.

    "Кубоктің қақпағы бекітіліп тұратын шығар деп ойладым. Бірақ олай емес екен. Басыма құлағанда ештеңе етпейді дедім. Бірақ кейін қолыма қарап, қанды көрдім. Жерге отыра кеттім, қатты ауырды. Қазір барып тіктірем. 4-5 см жыртылып кеткен. Тіпті Тороппен соқтығысқанда мұндай ауыр соққы болған жоқ", - деді Нұралы "Матч ТВ" телеарнасына берген сұхбатында.

    Айта кетейік, "Зенит" ұжымы осымен бесінші рет Ресей кубогын жеңіп алды. Енді санкт-петербурктік команда 13 шілдеде суперкубок үшін "Краснодарға" қарсы матч өткізеді.

    Ресей кубогында жеңіс голын соққан Нұралы Әліп марапаттау рәсімінде жарақат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.