jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткер кім

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

    Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов негізгі үміткер екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Риа Новости Спорт" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бізде бес үміткер бар. Оның ішінде басты үміткер – Станислав Саламович. Біз онымен сөйлестік. Ақырғы шешімді дүйсенбіде қабылдаймыз", - деді Барменқұлов.

    Черчесов 2016 жылдан 2021 жылға дейін Ресей құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығымен команда 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына жетті. Ал Еуро-2020 турнирінде Бельгия, Дания және Финляндия командаларымен бір топта ойнап, соңғы орын алды. Маман соңғы рет венгриялық "Ференцварош" клубында бапкер болды. Ол осы клубта 2023 жылдың жазына дейін қызмет атқарды.

    Еске салайық, осыған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Магомед Адиев қызметінен кеткен еді. Ол мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты.

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткер кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.