jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мбаппе ресми түрде "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншысы атанды

    Килиан Мбаппе
    Киллиан Мбаппе. Фото: Franco Arland/Getty Images

    Франциялық футболшы Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық "Реал Мадрид" командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Реал Мадридтің" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    25 жастағы футболшы мадридтік командамен 5 жылға келісімшартқа отырды.

    Айта кетейік, Мбаппе франциялық ПСЖ командасынан осы маусым аяқталғанда кететінін мәлімдеген еді. Ол париждік клубта 2017/18 маусымнан бері ойнады. Барлығы 306 матчта 255 гол соқты.

    ПСЖ-дағы жеті жыл ішінде Мбаппе Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.

    Еске салайық, "Реал Мадрид" футбол клубы 1 маусымда "Боруссия Дортмундты" ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанған еді.

    Мбаппе ресми түрде "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.