Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мансабымдағы ең қиын шешім": Магомед Адиев бас бапкер қызметінен кетуге не түрткі болғанын айтты

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: fc-akhmat.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қызметтен кетуге не түрткі болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtubе желісіндегі "Cпорт Шредингера" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

31 мамырда Қазақстан футбол федерациясы Магомед Адиевтың қызметінен кеткенін мәлімдеген еді. Бапкер мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты.

"Әрине, бұл – менің шешімім. Бірақ бұл менің бапкерлік мансабымдағы ең қиын шешім болды. Мен оны ұзақ уақыт бойы ойланып, ақыры қабылдадым. Бәлкім бұл дұрыс емес шығар, оны уақыт көрсетеді... Қызметтен кету туралы ой Грекияға қарсы ойыннан кейін пайда болды. 0:5 есебімен жеңілгенімізде, бапкер ретінде өз еркіммен қызметтен кету туралы арыз жазуым керек еді. Бірақ мен өзімді ғана ойлай алмадым: артымнан ерген командам және федерация президенті болды.

Енді Ресей Премьер лигасында уақыт өткізіп, басқа футболға көз жүгірткенімде, Әділет Назарбаевұлына былай дедім: "Ұлттық құраманы баптау – өте керемет. Ұлттық құрамада бапкер болудың жауапкершілігі жоғары. Бүкіл елдің қолдауы бар. Бірақ маған бапкер ретінде жылына 10 ойын жетпейді", - деді маман.

Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының келесі дивизионына көтерілді, Еуро-2024 іріктеуінде 4-орын иеленді және плей-офф кезеңі арқылы Еуропа чемпионатының финалдық cатысына тарихи жолдама алуға сәл қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2112414-magomed-adiev-qazaqstan-quramasynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketuge-ne-turtki-bolganyn-aitty/

pixel