jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалында ұтылды

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы
    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram.com/kmff.kz

    Қазақстан құрамасы шағын футболдан әуесқойлар арасында Босния және Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыстың жартылай финалында Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы ойнады. Матчтың 16-минутында Абылай Төлепов гол салды. Ал 36-минутта қарсылас құраманың ойыншысы Мирча Унгур есепті теңестірді. Негізгі уақыт тең аяқталды. Ал пенальти сериясында 3:1 есебімен румыниялықтар басым түсті.

    Енді Қазақстан құрамасы 8 маусымда Францияға қарсы матч өткізіп, үшінші орынға таласады.

    Айта кетейік, Қазақстан командасы B тобында Украина, Англияны жеңіп, Грекияға есе жіберген еді. Ал 1/8 финалда Словениядан 1:0 есебімен, ширек финалда Әзербайжаннан пенальти сериясында 6:7 есебімен басым түскен болатын.

    Мамырда шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші мәрте 6x6 форматындағы Socca Eurocup-2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған еді.

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалында ұтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.