jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы
    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram.com/kmff.kz

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әуесқойлар арасында Босния және Герцеговинада өткен Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Франция командасына қарсы матч өткізіп, 7:2 есебімен ұтты. Сербиялықтар жарыс жеңімпазы атанса, күміс медальді Румыния еншіледі.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының B тобында көш бастап, кейін Словения және Әзербайжан командаларын жеңген болатын. Бірақ жартылай финалда Румынияға пенальти сериясында есе жіберді.

    Мамырда шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші мәрте 6x6 форматындағы Socca Eurocup-2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram