Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лео Игитаға қатысты даудан кейін "Қайрат" футзал клубына айыппұл салынды

Опубликовано:

Қазақстандық футзалшы Лео Игита
Лео Игита. Фото: kff.kz

10 маусымда Қазақстан футбол федерациясының әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерация қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан "Қайрат" футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты сұрақты қарастырып, мынадай шешім шығарды:

  • "Қайрат" АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет;
  • "Қайрат" АФК бас директоры А.М.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілсін;
  • "Қайрат" АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасының және алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Лео Игитаның басы дауға қалғанын жазған едік. Оның "Астана" және "Ақтөбе" командаларының туы мен шарфын таптаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кейін осы әрекеті үшін Игита жанкүйерлерден кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2115645-almatylyq-qairat-futzal-klubyna-aiyppul-salyndy/