Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фернанду Сантуш футболдан Әзербайжан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Бапкер Фернанду Сантуш
Фернанду Сантуш. Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

Португалиялық маман Фернанду Сантуш футболдан Әзербайжан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әзербайжан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Португалиялық маманға бәсекеге қабілетті команда құру және Еуро-2028 іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсету міндеті жүктеледі", - делінген хабарда.

Айта кетейік, Сантуш осыған дейін Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын стамбұлдық "Бешікташтың" бапкері болып, сәуірде бұл қызметтен кеткен еді. 69 жастағы маман Польша, Португалия, Грекия құрамаларын жаттықтырған. Оның жетекшілігімен 2016 жылы Португалия құрамасы тарихта алғаш рет Еуропа чемпионы атанды.

Сантуш клуб деңгейінде грекиялық ПАОК, "Панатинаикос" және АЕК, сондай-ақ португалиялық "Бенфику", "Спортинг" және "Порту" командаларында қызмет етті.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы кеше, 11 маусымда Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесуде 3:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116329-fernandu-santush-futboldan-azerbaizhan-quramasynyng-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaldy/