Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы минуттарда жеңіс голын соқты: Қазақстан Әзербайжанға жолдастық кездесу матчында есе жіберді

Опубликовано:

Қазақстан футбол құрамасы
Қазақстан футбол құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізген болатын. Қазақстан футбол құрамасы әзербайжандық спортшыларға ұтылып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы футболдан жолдастық кездесу Әзербайжанның пайдасына орай 3:2 есебімен аяқталды.

Ойын Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында өткен. Матч cағат 19:00-де басталды және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Алғашқы минуттарда жылдам гол соғылып, ойын қызу басталған еді. Матчтың екінші минутында-ақ қазақстандық спортшылар бұрыштан тебу мүмкіндігіне ие болған.

Допты команда капитаны Асхат Тағыберген берсе, жоғарғы пасты қорғаушы Ян Вороговский жасаған.

Ал екінші голды қарсыластардың қақпасына ақтөбелік шабуылдаушы Максим Самородов соқты. 28-минутта ол Абат Айымбетовтың пасын қабылдап, сәт орайын жіберіп алмаған.

Дегенмен әзербайжандық футболшылар Қазақстанмен ұпайын тез теңестіріп, соңғы минуттарда жеңіске қол жеткізді.

Еске салайық, Әзербайжан және Қазақстан құрамалары бүгінге дейін ресми ойындарда алты рет кездескен. Оның екеуінде Әзербайжан басым түссе, екеуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен. Ал екі ойын тең есеппен аяқталды.

Сондай-ақ 7 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы cырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз. Бұл Қазақстан командасының бұрынғы бас бапкер Магомед Адиевсіз өткен алғашқы ойыны болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2115792-songgy-minuttarda-zhengis-golyn-soqty-qazaqstan-azerbaizhanga-zholdastyq-kezdesu-matchynda-ese-zhiberdi/