Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Еуропа чемпионатындағы ең қымбат құрама анықталды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду: Crystal Pix/MB Media/Getty Images

Transfermarkt порталы алдағы Еуро-2024-ке қатысатын ойыншылардың жиынтық трансферлік сомасы бойынша құрамалар рейтингін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

Аталмыш рейтингте Англия құрамасы көш басында тұр. Команда ойыншыларының жалпы құны 1 520 миллион еуроны құрайды.

Екінші орын Франция ұлттық құрамасына тиесілі (1 230 миллион еуро). Ал үздік үштік Португалия құрамасы түйіндеп тұр. 2016 жылғы Еуропа чемпиондарының жалпы трансферлік құны 1 050 миллион еуроға жақын.

Сонымен қатар, үздік бестікке Испания (966 миллион еуро) және Германия (831 миллион еуро) енді.

Ал бұл футбол додасындағы ойыншылардың трансферлік құны бойынша ең қарапайымы Румыния құрамасы болды. Оның негізгі құрамы 92 миллион еуроға бағаланады.

Айта кетейік, Еуро-2024 доп додасы ертең, яғни 14 маусым күні басталып, 14 шілдеге дейін жалғасады.

Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116719-futboldan-europa-chempionatyndagy-eng-qymbat-qurama-anyqtaldy/