jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Лионель Месси мансабындағы соңғы клубты атады

    Футболшы Месси
    Футболшы Месси. Фото: CHRIS ARJOON/AFP via Getty Images

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси ESPN порталына берген сұқбатында өзінің кәсіби мансабын аяқтау және жаңа жетістіктер туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Шабуылшы 2023 жылдан бастап америкалық "Интер Майами" футбол клубының сапында өнер көрсетеді. Маусым айында 37 жасқа толатын Месси үшін бұл Еуропадан тыс алғашқы клуб.

    "Менің ойымша бұл мансабымдағы соңғы команда. Мен өмір бойы футболмен айналысып келемін және доп ойнағанды ұнатамын. Жаттығулар мен матчтар - өмірімнің бір бөлшегі. Сондықтан бойымда осы кезең аяқталады деген қорқыныштың да барын жасырмаймын. Маған футбол ұнайды, сондай-ақ менің мансабымның аяқталып қалғанын түсінемін", - деді Месси.

    Атақты футболшы қазір Аргентина құрамасымен бірге 20 маусым мен 14 шілде аралығында өтетін Америка кубогына дайындалып жатыр. Турнирге Оңтүстік Американың 10 құрамасы мен Солтүстік, Орталық Америка елдері, сондай-ақ Кариб теңізінің 6 командасы қатысады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.