jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024 басталды: алғашқы матчта жарыс қожайындары жеңіске жетті

    Футболдан Германия ұлттық құрамасы
    Футболдан Германия ұлттық құрамасы. Фото: DAMIEN MEYER/AFP via Getty Images

    Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталды. Алғашқы матчта Германия құрамасы Шотландияны 5:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еуро-2024 турнирінің алғашқы ойыны Мюнхенде болды. Бұл матч германиялық аңыз футболшы Франц Беккенбауэрді еске алудан басталды. Ол биыл 7 қаңтарда 78 жасында көз жұмған еді.

    Турнирдің алғашқы матчы 5:1 есебімен Германия құрамасының пайдасына шешілді. Алаң иелері сапынан Флориан Вирц (10-минутта), Жамал Мусиала (19), Кай Хаверц (45+1, пенальтиден), Никлас Фюллькруг (68) және Эмре Джан (90+3) гол салды. Сондай-ақ Антонио Рюдигер (87) өз қақпасына автогол соғып жіберді.

    Енді германиялықтар келесі ойынын 19 маусымда Мажарстанға қарсы өткізсе, сол күні Шотландия құрамасы Швейцария командасымен кездеседі.

    Айта кетейік, Еуропа чемпионатының матчтары Германияның 10 қаласында өтеді. Турнирдің финалы 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.

    Еуро-2024 басталды: алғашқы матчта жарыс қожайындары жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.