Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойынында жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстан уақытымен 18 маусымға қараған түні Мбаппенің командасы турнирдегі бірінші ойынын Аустрияға қарсы өткізді. Француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Аустрия құрамасының ойыншысы Максимилиан Вебер 38-минутта өз қақпасына гол соғып жіберді.
Матчтың соңына қарай Мбаппе аустриялық қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып, мұрнын сындырып алды. Оның мұрнынан қан кетіп, орнынан тұра алмады. Кейін дәрігерлер футболшыға алғашқы көмек көрсетіп, алаң сыртына алып кетті.
Франция құрамасының жаттықтырушылар штабы осы жағдайдан кейін шабуылшыны ауыстыру туралы шешім қабылдады. Оның орнына ойынға Оливье Жиру шықты. Бірақ Мбаппе рұқсатсыз алаңға оралып, осы әрекеті үшін сары қағаз алды.
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр. Турнир 14 маусымда басталды және 14 шілдеге дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119194-kilian-mbappe-euro-2024-turnirindegi-algashqy-oiynynda-murnyn-syndyryp-aldy/