Килиан Мбаппе Еуро-2024 турниріндегі алғашқы ойынында мұрнын сындырып алды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойынында жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстан уақытымен 18 маусымға қараған түні Мбаппенің командасы турнирдегі бірінші ойынын Аустрияға қарсы өткізді. Француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Аустрия құрамасының ойыншысы Максимилиан Вебер 38-минутта өз қақпасына гол соғып жіберді.
Матчтың соңына қарай Мбаппе аустриялық қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып, мұрнын сындырып алды. Оның мұрнынан қан кетіп, орнынан тұра алмады. Кейін дәрігерлер футболшыға алғашқы көмек көрсетіп, алаң сыртына алып кетті.
Франция құрамасының жаттықтырушылар штабы осы жағдайдан кейін шабуылшыны ауыстыру туралы шешім қабылдады. Оның орнына ойынға Оливье Жиру шықты. Бірақ Мбаппе рұқсатсыз алаңға оралып, осы әрекеті үшін сары қағаз алды.
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр. Турнир 14 маусымда басталды және 14 шілдеге дейін жалғасады.
- Футбол үшін даяшы болып жұмыс істеп, азаматтығын да өзгертті: Еуро-2024 дебютантының оқиғасы
- Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары Еуропа чемпионатын сәтсіз бастады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119194-kilian-mbappe-euro-2024-turnirindegi-algashqy-oiynynda-murnyn-syndyryp-aldy/