Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мбаппенің мұрнын сындырған футболшы тосын мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: Emin Sansar/Anadolu via Getty Images

Футболдан Аустрия құрамасының қорғаушысы Кевин Дансо шабуылшы Килиан Мбаппемен соқтығысқан сәті туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дансоның Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан уақытымен 18 маусымға қараған түні Мбаппенің командасы турнирдегі бірінші ойынын Аустрияға қарсы өткізді. Француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Аустрия құрамасының ойыншысы Максимилиан Вебер 38-минутта өз қақпасына гол соғып жіберді.

Матчтың соңына қарай Мбаппе аустриялық қорғаушы Кевин Дансомен соқтығысып, мұрнын сындырып алды. Оның мұрнынан қан кетіп, орнынан тұра алмады. Кейін дәрігерлер футболшыға алғашқы көмек көрсетіп, алаң сыртына алып кетті.

"Мбаппенің ауыр жарақат алып қалғаны өкінішті. Мен Килианға бар жақсылықты тілеймін. Жақын арада алаңға оралады еген ойдамын", - деді Дансо.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр. Турнир 14 маусымда басталды және 14 шілдеге дейін жалғасады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119587-mbappening-murnyn-syndyrgan-futbolshy-tosyn-malimdeme-zhasady/