Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандық жанкүйерлерге сәлем айтты": қазақ журналисі Тони Крооспен кездесті (фото)

Опубликовано:

Ерсін Ерік. Фото
Ерсін Ерік. Фото: instagram.com/erik.ersin

Спорт комментаторы, журналист Ерсін Ерік әйгілі неміс футболшысы Тони Крооспен кездесіп, сұқбаттасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақ журналисі Тони Крооспен Еуро-2024 турнирінің алғашқы матчында Германия құрамасы Шотландияны 5:1 есебімен жеңгеннен кейін кездескен.

"Германия – Шотландия ойынынан кейін Тони Кроостан сұқбат алдым. Ол Қазақстанды жақсы білетінін, Астана, Алматы жайында естігенін айтты. "Қазақстанда сіздің фанаттарыңыз өте көп және олар сіздің футболдан кеткеніңізді қаламайды" дедім. Суретке түсуге ешқандай қарсылық білдірмеді. Қазақстандағы футбол фанаттарына сәлемін айтты", - деді Ерсін Ерік KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, Тони Кроос футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты аяқталған соң мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол – Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін, Германияның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2014 жылы Германия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. 34 жастағы футболшы "Бавария", "Байер" және "Реал Мадрид" командаларында ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2119653-qazaqstandyq-zhankuierlerge-salem-aitty-qazaq-zhurnalisi-aigili-nemis-futbolshysymen-kezdesti-foto/