Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зайнутдинов "Зениттің" ұсынысынан неге бас тартты: футболшының агенті жауап берді

Опубликовано:

Бақтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

Бахтиер Зайнутдиновтың мүддесін қорғайтын агент Евгений Новиков журналист Иван Карповқа футболшының Ресей Премьер лигасына оралудан неге бас тартқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Иван Карповтың Telegram желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін БАҚ-та санкт-тетербургтік "Зенит" пен cтамбұлдық "Бешікташ" арасында Бахтиер Зайнутдиновтың трансфері туралы келіссөздер жүріп жатқаны айтылған еді.

"Зенит" шынымен де Бахтиердің трансферіне қатысты мәселе бойынша клубқа жүгінді. Бірақ біз олардың ұсынысынан бас тарттық. Біздің мақсатымыз – Еуропада ойнау, сондықтан "Бешікташта" қаламыз", - деді Новиков.

Зайнутдинов түрік командасына өткен жазда Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысып барды. Жақында аяқталған маусымда жартылай қорғаушы "Бешікташ" сапында 37 матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ осы командамен бірге Түркия кубогын жеңіп алды. Бұл оның "Бешікташ" сапындағы алғашқы трофейі болды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, 26 жастағы Зайнутдиновтың трансферлік құны 5 миллион еуроға бағаланып отыр.

Еске салайық, "Бешікташтың" жаңа бас бапкері Джованни Ван Бронхорст қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты стамбулдық клуб сапында көрмейтінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120346-zainutdinov-zenitting-usynysynan-nege-bas-tartty-futbolshynyng-agenti-zhauap-berdi/