Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия құрамасы өз алаңындағы Еуро-2024 турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Футболдан Германия құрамасының ойыншылары
Футболдан Германия құрамасының ойыншылары. Фото: Christina Pahnke - sampics/Getty Images

Футболдан Германия құрамасы өз алаңында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының екінші турында Мажарстан командасын ұтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

A тобында бақ сынап жатқан екі құраманың ойыны Штутгардта (Германия) өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 22-минутында Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала мергендік танытты. Екінші таймда оның командаласы Илкай Гюндоган (67-минутта) есепті еселеді. Осы жеңістің арқасында германиялықтар үш ұпайға ие болып, А тобында көш басында қалды.

Айта кетейік, бірінші турда Германия командасы Шотландияны 5:1 есебімен ойсырата жеңсе, Мажарстан құрамасы Швейцариядан 1:3 есебімен ұтылған болатын.

Бүгін, 20 маусымға қараған түні А тобындағы тағы екі құрама – Шотландия мен Швейцария кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Футболдан Еуропа чемпионаты Германияның 10 қаласында өтіп жатыр. Турнир 14 маусымда басталды және 14 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2120553-germaniia-quramasy-oz-alangyndagy-euro-2024-turnirinde-ekinshi-ret-zhengiske-zhetti/