Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ФИФА рейтингі жаңарды: Қазақстан құрамасы нешінші орында

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

20 маусымда жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 6 сатыға төмендеп, 109-орынға жайғасты.

2022 жылғы әлем чемпионы Аргентина құрамасы көш басында қалса, Франция екінші, Бельгия үшінші орында тұр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айы басталғалы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады. Әуелі Армениядан 2:1 есебімен ұтылса, кейін Әзербайжан командасынан 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

ФИФА-ның жаңартылған рейтингі:

  • 1. Аргентина – 1860,14 ұпай;
  • 2. Франция – 1837,47;
  • 3. Бельгия – 1797,98;
  • 4. Бразилия – 1791,85;
  • 5. Англия – 1787,88;
  • 6. Португалия – 1747,04;
  • 7. Нидерланд – 1746,66;
  • 8. Испания – 1729,92;
  • 9. Хорватия – 1728,30;
  • 10. Италия – 1724,37...
  • 109. Қазақстан – 1193,62.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2121012-fifa-reitingi-zhangardy-qazaqstan-quramasy-neshinshi-orynda/