Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы cырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 7 маусымда Еревандағы республикалық стадионда өткен ойын 2:1 есебімен Армения құрамасының пайдасына шешілді.
Матчтың 4-минутында Қазақстан командасының ойыншысы Александр Марочкин автогол соғып жіберді. Екінші таймда қарсылас құрамадан Ваган Бичахчян (58-минутта) мергендік танытты. Ал ойынның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Бауыржан Исламхан пенальтиден гол салды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкер Магомед Адиевсіз өткен алғашқы ойыны болды. Осы матчта командаға Руслан Балтиев жетекшілік етті. Ал 3 маусымда бас бапкер болып тағайындалған Станислов Черчесов жолдастық матчтардан кейін қызметіне кіріседі.
Енді Қазақстан құрамасы 11 маусымда Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын Мажарстанның Сомбатхей қаласында болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2114184-futboldan-qazaqstan-quramasy-magomed-adievsiz-otken-algashqy-matchta-zhengilip-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.